Теміртас Жүсіповтің әйелі арызын қайтарып алды
Танымал боксшының жұбайы соққыға жығылса да, күйеуіне ешқандай шара қолданбауды сұраған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ
Ресми ақпаратпен Ақмола облыстық полициясы бөлісті. Олардың мәліметінше, бастапқы арыздан соң денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Мәлім болғандай, 7 шілдеде боксшының әйелі күйеуін қылмыстық жауапкершілікке тартпауды сұрап, қарсы өтініш берді.
ТЕРГЕУ ЖАЛҒАСАДЫ
Бірақ полиция тергеу жалғасатынын айтты.
“Қарсы өтініш берілсе де, отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады”, – делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, Теміртас Жүсіповке қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған. Соған сәйкес, оның жұбайы келісім бермесе, байланысуына тыйым салынған.