TOP-2Спорт

Боксшы Мұхит Амантаевтың үстінен әкімшілік іс қозғалды

Боксшы Алматыдағы жекпе-жек алтында трешток кезінде аузынан шыққан балағат сөз үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматыдағы жекпе-жек кешінде “Әнуарбек мотиватор” атты боксшымен айқасып, Мұхит Амантаев жеңіліп қалған еді. Айқас алдында төбелескіштер бір-бірімен айтысып, трешток ұйымдастырады. Сол кезде Амантаевтың аузынан былапыт сөз шығып кетсе керек.

Үйіне полиция қызметкерлері келіп, хаттама толтырып жатқанын боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетті. Ол айыбын мойындайтынын айтып, іс сотқа жолданатынын жеткізді. Егер сот айыппұл мұндай әрекетке жеңіл жаза деп шешсе, боксшыны әкімшілік жаза бойынша 5-15 күн аралығында қамауға алынуы мүмкін.

Мұхит Амантаев парақшасында жариялаған видеосында жастарды былапыт сөз айтпауға шақырды.

Back to top button