ЖаңалықтарОқиға

Алматы облысында нөсерден кейін апатты көпірді су шайып кетті

Аталған көпір 2024 жылы апатты деп танылған.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында нөсер жауыннан кейін Түрген өзені арқылы өтетін апатты көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, нөсерлеп жауған жауын-шашын салдарынан Түрген өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, апатты жағдайдағы көпірдің айналасындағы топырақ шайылған.

«Апатты көпірді ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және қаржыландыру қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары осы айда басталады», – деп жазылған хабарламада.

Аталған көпір 2024 жылы апатты деп танылған. Осыған байланысты онда көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым анықталып, қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, көпірді қайта жаңғырту жұмыстары биыл басталады.

Back to top button