ЖаңалықтарСараптама

Елорда күні: Қазақстанда Астана есімді 26 адам бар

Астана қаласының халқының саны 1 674 699 адамға жетті.

Бүгін Астана қаласы елорда күні мерекесін атап өтуде. Осы айтулы датаға орай елорданың демографиялық, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерін көрсететін өзекті статистикалық деректер жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының халқының саны 1 674 699 адамға жеткенін мәлімдеді. Оның ішінде әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел және 790 670 ер адам. Қала тұрғындарының орташа жасы – 30,9 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жас.

Елордада 18 жасқа дейінгі 545 мың бала тұрады. Оның 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз. 2025 жылы қалада 27,4 мың сәби дүниеге келсе, 2026 жылдың алғашқы бес айында 3 469-дан астам неке тіркелген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықтың қартаю индексі 22,9 болды. Бұл әрбір 100 балаға шаққанда 65 жастан асқан 22,9 тұрғыннан келетінін білдіреді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан бойынша Астана есімді 26 адам бар.

Back to top button