SCAT компаниясының президенті бір жылда 335 млн теңге сыйақы алған
Әуе компаниясы президентінің бір жылда осынша көлемде сыйақы алғаны туралы қаржы есептілігі депозитарийіндегі құжатта жазылған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
КОМПАНИЯНЫ КІМ БАСҚАРЫП ОТЫР
Аталған компанияның президенті қызметін 2020 жылдан бері Владимир Денисов атқарып келеді. Ол тек компания президенті емес, 57 пайыз акциясын иеленіп отырған ірі акционер. Дәулеті 198 млн долларға жететін Денисов ең қалталы кәсіпкерлер арасында 50-ші орында.
МӘН-ЖАЙЫ
Айталық, оған 2024 жылы 224 млн теңге төленсе, өткен жылы алған сыйақысы 336 млн теңгеге жуықтаған. Яғни, президентке төленген ақша бір жылда 92 млн теңгеге көбейді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, SCAT компаниясының негізі 1997 жылы қаланған. Шымкентте орналасқан елдегі ең ірі жеке әуе компанияларының бірі саналады. Ол ел ішінде және шетелдерге тұрақты әрі чартерлік рейстерді орындайды.