ЕрекшеЖаңалықтар

Алматыда жаңа көшеге Денис Теннің есімі берілді

Алматыда бұрын атауы болмаған 150-ден астам көшеге жаңа атау берілді.

Алматыда 2018 жылы қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі берілген көше пайда болды. Ол Бостандық ауданында орналасқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әкімдік қаулысына сәйкес, Алматының бірнеше ауданындағы көшелерге белгілі тұлғалардың, сондай-ақ қалалар мен тарихи орындардың атаулары берілді. Жалпы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Медеу, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы бұрын атауы болмаған 150-ден астам көшеге жаңа атау берілді.

Атап айтқанда, көшелерге Денис Теннің, Амантай Байтанаевтың, Хо Ши Миннің, Наталья Сацтың, Қайым Мұхамеджановтың, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Мұзафар Әлімбаевтың, Смайыл Өтегеновтің, Мәуітхан Сыдықовтың, Бекеш Мадалиевтің, Анатолий Храпатыйдың және басқа да танымал тұлғалардың есімдері берілді.

Мәселен, Денис Тен атындағы көше Бостандық ауданындағы «Архат» шағынауданында орналасқан.

Сонымен қатар, қалада Шаңқобыз, Ақсарай, Жаңаөзен, Ақтау, Үшарал, Бозжыра, Ерейментау және басқа да атаулар берілген көшелер пайда болды.

Көшелердің толық тізімі мен олардың орналасқан жері қаулыда көрсетілген.

Back to top button