ЖаңалықтарҚоғам
Ел халқы 20,6 миллионға жақындады: жаңа статистика жарияланды
2026 жылдың басынан бері ел халқы 76 157 адамға артқан.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 575 979 адамға жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері ел халқы 76 157 адамға артқан.
Халық саны 2 миллионнан асқан өңірлер қатарында:
- Алматы қаласы – 2 366 525 адам (жыл басынан бері 18 422 адамға көбейген);
- Түркістан облысы – 2 146 670 адам (жыл басынан бері өңір халқы 2 535 адамға азайған).
Ал 1 миллионнан астам тұрғыны бар өңірлер:
- Астана қаласы – 1 674 699 адам;
- Алматы облысы – 1 611 588 адам;
- Шымкент қаласы – 1 308 120 адам;
- Жамбыл облысы – 1 213 556 адам;
- Қарағанды облысы – 1 130 733 адам.
Ең аз қоныстанған өңірлер:
- Ұлытау облысы – 218 169 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 512 388 адам;
- Абай облысы – 593 583 адам.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қалаларда 13 168 438 адам тұрған. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 83 328 адамға өскен. Ал ауылдық жерлерде 7 407 541 адам тұрады, бұл жыл басымен салыстырғанда 7 171 адамға аз.