ЖаңалықтарЭкономика

АҚШ Қазақстанға тағы 37 млрд теңге инвестиция құюға ниетті

АҚШ Сауда палатасының өкілі Хуш Чокси сөзінше, осы арқылы америкалық капиталдың жалпы көлемі 137 млрд долларға жетуі ықтимал, деп хабарлайды Tizgin.kz kazcic.kz-ға сілтеме жасап.

ҚАЗАҚСТАН ҰСЫНҒАН БАҒЫТ

Астанада өткен «Қазақстан – АҚШ» дөңгелек үстелі аясында Қазақстан тарапы америкалық компанияларға инвестиция салуға арналған жаңа бағыттар ұсынды. Басқосуға Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің халықаралық әріптестік жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан, Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Дебора Робинсон, «Атамекен» ҰКП төрағасы Қанат Шарлапаев және АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси қатысты.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, америкалық компаниялар тәуелсіз Қазақстан экономикасына алғаш келген стратегиялық инвесторлардың бірі болған.

ШАРЛАПАЕВ НЕ АЙТТЫ

Шарлапаев басым бағыттар ретінде критикалық шикізат пен сирек металдарды игеруді, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды, цифрлық экономиканы, жасанды интеллект пен финтех салаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін атады. Сонымен қатар бірлескен ғылыми-зерттеу орталықтарын құру мәселесі де сөз болды.

АҚШ инвестициясының ықтимал өсімі туралы Хуш Чокси мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір АҚШ-тың Қазақстандағы жалпы инвестиция көлемі 100 млрд доллардан асады. Дегенмен тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік барын атап өтті.

«Біз 137 млрд долларды келесі кезеңдегі экономикалық әріптестіктің нақты әрі қол жеткізуге болатын межесі деп қарастырамыз», – деді ол.

Back to top button