TOP-2Жаңалықтар

“Қаралым жинағысы келген болар”: партия төрағасы ұлы “Қазақ тарихын білмеймін” дегені үшін ақталды

Қазақстан халық партиясының төрағасы болған Нұрсұлтан Шоқанов ұлының “Қазақстан тарихы пәнін оқымаймыз” деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Шоқановтың айтуынша, ұлы өз қателігін мойындаған. Тіпті оның бұл сөзін естігенде таңғалғанын айтады.

“Айтқаны, әрине, дұрыс емес. Ол да өз қателігін мойындады. Ұлым оқитын мектепте Қазақстан тарихы пәні оқытылады. Ол блогер болғандықтан, лайк пен қаралым жинағысы келген болар”, – деді депутат.

Бұған дейін Қазақстан халық партиясының жаңа төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың ұлы Ибрагим Шоқановқа қатысты видео кеңінен тарап, талқыланған еді. 16 жастағы Ибрагим TikTok-та танымал блогер. Оның парақшасында жүздеген мың оқырманы бар, видеолары миллиондаған қаралым жинайды. Шоулардың бірінде көрермен оған «Қазақ хандығы қашан құрылды?» деген сұрақ қойған. Блогер «Бізде Қазақстан тарихы болған жоқ, біз ағылшын мектебінде оқыдық» деп жауап берген.

Back to top button