“Әділет” партиясы Құрылтайда қазақ тілі мәселесін қалай көтергелі отыр
Рауан Кенжеханұлы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін өсіру бағытында жұмыс істейтінін айтты.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы Құрылтайда қазақ тілінің мәселесін қалай көтеретіні туралы айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Парламент палаталарының бірлескен соңғы отырысының кулуарында «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлына Құрылтайда қазақ тілінің мәселесін қалай көтеретіні туралы сұрақ қойылды.
«Әділет» партиясын құру туралы бастама көтерілген кезде әріптестеріме бірден бұл туралы айттым. «Әділет» партиясындағы әріптестерім бұл бастаманы риясыз сеніммен қолдайды. Заң шығару аясында да, басқа да нормаларды бекіту аясында да, мемлекеттік саясатты дамыту аясында да белсенді түрде жұмыс істейміз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өзінің тұғырын бекітіп, қолданыс аясын кеңейтіп, шын мәмінде мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін өсіруі тиіс. Біз осы бағытта жұмыс істейміз», – дейді Рауан Кенжеханұлы.
Еске сала кетсек, Бүгін Парламент палаталарының соңғы отырысы өтті. Яғни Мәжіліс пен Сенат тарады.