Тоқаев тарап жатқан Парламентті «ең мықты құрамдардың бірі» деп атады
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Отырыс барысында Тоқаев депутаттарға алғыс айтып, оларды тарихтағы “ең мықты құрамдардың бірі” деп атады.
“Заң шығару жүйесінің бастауында елге кеңінен танылған саясаткерлер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері тұрды. Олардың жемісті еңбегі Парламент тарихында өшпес із қалдырды. Олардың жанқиярлық қызметі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынына күмән жоқ, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Парламент қашанда уақыт талабына және қоғам сұранысына жауап бере алатын жасампаз институт болып келеді.
“Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы үшін қабылданатын әрбір заңның қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Осы тарихи сәтті пайдалана отырып, Мәжіліс пен Сенаттың барлық депутаттарына елге мінсіз әрі адал қызмет еткені, ұлт мүддесін әрдайым бәрінен биік қойғаны үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді Президент.