ЕрекшеЖаңалықтар

Жүргізушілерге құлаққағыс: Алматыда жаңа ақылы жол іске қосылады

Тиісті бұйрыққа қол қойылып, ол 10 шілдеден бастап күшіне енеді.

10 шілдеден бастап Алматы облысындағы тағы бір жол учаскесі ақылы болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ұұзындығы 80 шақырым болатын Бурылбайтал – Күрті автожолының учаскесі туралы ақылы болады.

Жеңіл автокөліктер үшін жол жүру құны алдын ала төлем жасаған жағдайда 251 теңге, ал кейін төленген жағдайда 290 теңге болады.

Автобустар мен жүк көліктері үшін жол ақысы көлік құралының санаты мен төлем тәсіліне қарай 628 теңгеден 3 636 теңгеге дейін белгіленген.

Сонымен қатар, жүргізушілер үшін балама тегін маршрут сақталады.

Back to top button