Прокурорлар Қамшыбек Тәшиевті 9 жылға соттауды сұрады
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевті прокурорлар 9 жылға бас бостандығынан айыру керек деп санайды, деп хабарлайды 24.kg.
24.kg басылымының жабық сот отырысына қатысып отырған дереккөздеріне сүйенсек, Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты қозғалған «75 ісі» бойынша сот процесі қазір сот жарыссөзі кезеңіне өткен. Мәліметке сәйкес, мемлекеттік айыптаушылар іс бойынша барлық айыпталушыны кінәлі деп танып, әрқайсысын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
«75 ісі» туралы не белгілі
Биыл ақпан айында Қамшыбек Ташиев Қырғызстан ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылды. Оның өзі қызметінен босатылатынын күтпегенін мәлімдеген болатын. Ал Қырғызстан президенті Тәшиевтің енді мемлекеттік қызметке ешқашан оралмайтынын айтты. Жуырда жоғарғы кеңес депутаты Эльвира Сурабалдиева сұхбатында Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деген күдікке байланысты қызметінен босатылғанын мәлімдеген. Кейінірек Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті ісі бойынша бірден үш бұрынғы жоғары лауазымды шенеунікке ресми түрде айып тағылғаны белгілі болды. Олардың қатарында бұрынғы депутат Құрманқұл Зулушев мен жоғарғы кеңестің бұрынғы төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлы бар.