$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Білім

Қазақстанда 22 жекеменшік мектеп жабылды

Қазақстанда биыл 22 жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылып, жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Tizgin.kz тілшісі мемлекеттік шығыстар оңтайландырылғаннан кейін елде қанша жекеменшік мектеп жабылғанын сұрады.

Сауалға Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті басқарма басшысы Ришат Рамазанов жауап берді.

«2025 жылы Қазақстан бойынша 26 мектеп жұмысын тоқтатты. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында тағы 22 жекеменшік мектеп лицензиясын тапсырып, қызметін тоқтатты», – деді министрлік өкілі.

Еске салсақ, бқған дейін Tizgin.kz порталы жекеменшік мектептер мәселесі жөнінде Мәжілістегі бірнеше депутаттың пікірін біліп көрген еді.

Back to top button