TOP-2

Қазақстан екі банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алатын болды

Сенат 29 маусымда, яғни бүгін Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен (АИИБ) қарыз тарту туралы келісімдерді ратификациялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Аталған қаражат республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырып, жоспарлы кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттемелерін уақтылы әрі толық көлемде орындауды қамтамасыз етуге бағытталады.

Сенат депутаты Бекболат Орынбековтің айтуынша, екі халықаралық қаржы институтынан тартылатын қарыз шарттары өзара ұқсас әрі салыстырмалы түрде тиімді саналады.

Атап айтқанда, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 62,3 млрд жапон иенасы, ал Халықаралық қайта құру және даму банкінен 92,3 млрд жапон иенасы көлемінде қаражат тартылмақ, – деді ол.

НЕСИЕ НЕШЕ ЖЫЛҒА АЛЫНДЫ

Ұлттық валютаға шаққанда, жалпы қарыз көлемі шамамен 464 млрд теңгені құрайды.

Келісімдерге сәйкес, несие алу мерзімі – 11 жыл. Оның ішінде 5 жылдық жеңілдік кезеңі қарастырылған. Пайыздық мөлшерлеме халықаралық TONA нарықтық индикаторына негізделеді. Сондай-ақ қарыз қаражатын ұстап, игерілмеген бөлігі үшін комиссия мөлшері 0,25% деңгейінде белгіленген.

Back to top button