+42°C ыстық: 28 маусымға арналған ауа райы
«Қазгидромет» 28 маусым, яғни жексенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
КЕЙ АЙМАҚТА ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Синоптиктер мәліметінше, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып6 желдің екпіні күшейеді күтіледі. Батыс, солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Мамандар елдің бірқатар аймағында жел күшейеді деп болжады. Солтүстік және шығыс облыстарда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Күндіз бірнеше өңірде аптап ыстық сақталады. Айталық, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында ауа температурасы +35…+38°C-қа дейін көтеріледі. Түркістан облысында сынап бағаны +40…+42°C көрсеткішіне жетеді.
ӨРТ ҚАУІПІ САҚТАЛҒАН ӨҢІРЛЕР
Жетісу облысының солтүстігінде күндіз өте қатты ыстық болып, ауа температурасы +40°C шамасында болатын көрінеді.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады. Синоптиктер Маңғыстау, Қарағанды, Алматы облыстарында, Ұлытау және Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан өңірінің шығысында, сондай-ақ Павлодар, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарын атап өтті.