TOP-2Жаңалықтар

Зейнетақы жүйесінің тағы бір моделі пысықталып жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев зейнетақы жүйесінде реформаны талқылау аясында тағы бір модель – сингапурлық модель талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлі талқылау жүргізіп жатырмыз. Өйткені таяуда қосымша ұсыныс – сингапурлық зейнетақы жүйесінің моделі пайда болды. Келесі аптада дәл осы модельді талқыға саламыз. Сингапурлық жүйе жинақтауды көздейді. Міндетті түрде жинақтау керек. Дегенмен, баспана сатып алуға мүмкіндік бар, – деді Асқарбек Ертаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында.

Оның айтуынша, министрлік бүгінде сарапшылардың қорытындысын күтіп отыр. Қорытынды алынғаннан кейін бұл ұсыныс жұмыс тобының қарауына шығарылады.

– Қалай дегенде де біз осы ұсыныстардың ішінен оңтайлысын таңдап, одан зейнетақы жүйеміз қалай дамитындығына қатысты қорытынды топтама жасаймыз, – деді министр.

Back to top button