Жаңалықтар

Ресей Қазақстанда бір АЭС салғанша, Қытай екеуін салып үлгереді – сарапшы

Экономист Расул Рысмамбетов Қазақстандағы АЭС тақырыбына келгенед «Росатом» үлкен “қытай ағасының алдында шаруаны қыздырар рөлін” атқарғанын жазады. Бұл пікірін ол Меtа әлеуметтік желісінде қалдырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

САРАПШЫ НЕ ДЕЙДІ

Оның сөзінше, екінші және үшінші қытайлық станциялар сөзсіз ресейлік алғашқы станциядан бұрын салынады. Сол кезде алғашқысына деген қажеттілік жойылады.

««Росатоммен» келісімшартты әдемілеп бекіту керек – кейін бұл біз үшін sunk cost (яғни, бекер жұмсалған шығын мен қажетсіз міндеттемелер) болып қалмастың амалы қажетү Бір технология бойынша кадр даярлау да әлдеқайда тиімдірек. Үш жылу электр станциясына (1 трлн теңге) ақша таппағандар АЭС-ке ақшаны қайдан табады? Ынтымақтастықтың қисынды жалғасы – бұрыннан талқыланып жүрген Еуропаға дейінгі тар табанды темір жол жобасына қайта оралу болар еді», – дейді ол.

Дегенмен сарапшы “тым қытайшыл” болып кетпеу керек” деген ойды меңзейді. Оның сөзінше, бұл – нағыз прагматизм, бірақ станциялар төңірегіндегі бұл «билер» қытайлық агрохолдингтерді жер иеленуге кіргізу керек деген сөз емес деп ескертеді.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЭС

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу туралы шешім бірнеше жыл бойы талқыланып келеді. Бүгінде билік нақты әрекеттерге көшіп, құрылысқа дайындықты бастап кетті. АЭС-тің құрылысы үшін Алматы облысындағы Үлкен ауылы маңындағы Балқаш көлі жағалауы таңдалды. Бұл аймақ инфрақұрылымға жақын, әрі су көзімен қамтамасыз етілген.

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті ресейлік Росатом салады. Ал атом электр станциясының екіншісін және үшіншісін жақында үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Қытай компаниясы салатынын мәлім етті.

Back to top button