ЖаңалықтарОқиға
Алматы – Қорғас тасжолындағы апат: үш адам қаза тапты
Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қайғылы оқиға 23 маусым күні аталған автожолдың 132-шақырымында болған.
Полицияның алдын ала мәліметінше, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Соның салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Haval көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдары апаттың барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.