Спорт

Табысы 3,5 млн еуро: Дастан Сәтбаев елдегі ең қымбат футболшы атанды

Әлемдік Transfermarket порталы футболшылардың бағасын жаңартты. Соған зер салсақ, бірқатар легионердің нарықтағы құны төмендепті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

СӘТПАЕВ СОҢҒЫ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

Ресми ақпаратқа сәйкес, алматылық клуб шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың трансферлік құны бірден 500 мың еуроға өсіп, 3,5 млн еуроға жетті. Айта кетейік, Сәтбаев «Қайрат» сапында соңғы ойынын өткізіп, жуық арада лондондық «Челси» клубына аттанады.

Бір айта кетерлігі, «Астананың» жартылай қорғаушысы Мақсат Әбіраев нарықтағы бағасы шарықтапты. Оның құны бірден 800 мың еуроға қымбаттап, алғаш рет 1 млн еуроға жетті.

АНАРБЕКОВТІҢ ТАБЫСЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТТЫ

Сондай-ақ келесі ойыншылардың да көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды:

  • Иван Башич («Астана») – 300 мың еуро қосып, 1,5 млн еуроға бағаланды.
  • Әлібек Қасым («Астана») – қорғаушы өз позициясын нығайтып, құны 850 мың еуроға өсті.

«Қайрат» сапында қымбаттаған ойыншылар:

  • Темірлан Анарбеков: 400 мыңнан 800 мың еуроға
  • Азамат Тұяқбаев: 150 мыңнан 400 мың еуроға
  • Александр Мрынский: 400 мыңнан 600 мың еуроға

Алайда «Қайраттың» жартылай қорғаушылары Дан Глейзер (600 мың еуроға дейін) мен Дамир Қасаболат (500 мың еуроға дейін) және «Астана» қорғаушылары Кипрас Кажуколовастың да (600 мың еуроға дейін) нарықтық көрсеткіштері төмендеді.

Back to top button