ЕрекшеЖаңалықтар

«+1 бақытты отбасы»: Елдос Колобок бір отбасының ЭКО жасауына қаржы бөлді

Ол бүгін арнайы медициналық мекемеге қажетті қаражатты аударғанын айтты.

ЭКО арқылы балалы болған блогер Елдос Колобок бір отбасыға ЭКО сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл туралы журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бұдан бірнеше жыл бұрын блогер тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына: «Егер өзім балалы болсам, перзент иісіне мұқтаж басқа бір отбасының балалы болуына қаржылай көмектесемін» деп уәде берген. Ол бүгін арнайы медициналық мекемеге қажетті қаражатты аударғанын айтты.

«+1 бақытты отбасы (бұйырса). Елдос пен Таңшолпанның айтқаны бар еді. Міне, сөздерінде тұрып, @mariyam_fund_kz бір пациентке тегін ЭКО сыйлады. Ол отбасының есімін жақында, маусым айының қамқоршылық кеңесінің отырысында анықтаймыз», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Блогердің қолдауымен жақын арада тағы бір отбасы сәбилі болу бақытына кенелуіне мүмкіндік туады.

Back to top button