TOP-2ЖаңалықтарТергеу

Блогерлер ісі: тәркіленген iPhone 16 смартфондары аукционға шығарылды

Мүлікті сатушы – Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша заттай дәлел болған смартфондар электронды аукционға қойылды. Барлығы 17 дана iPhone 16 құрылғысы сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тәркіленген смартфондар мемлекеттік мүлік порталы E-Qazyna арқылы саудаға ұсынылған. Мүлікті сатушы – Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті. Электронды сауда алаңындағы мәліметке сәйкес, бір лоттың бастапқы бағасы 484 990 теңге болып белгіленген.

Аукционға қатысу үшін 72 749 теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу қажет. Сауда 2026 жылдың 8 шілдесінде сағат 10:00-де өтеді. Аукцион электронды форматта бағаны көтеру тәсілімен ұйымдастырылады.

Бұл блогерлерден тәркіленген мүліктің алғашқы партиясы емес.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жанабыловтардың автокөліктері аукционға шығарылды. Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сегіз Hyundai Elantra автокөлігін сату туралы хабарландыру жариялады.

Back to top button