«Құтқара алмадым»: Шымкентте денесін күйік шалған көпбалалы ана көз жұмды
Марқұмның жұбайы Айдос Боранбаев бір күнде 8 баланы өмірге әкелген келіншегінен, үйінен және бизнесінен айырылған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ЖҰБАЙЫ НЕ ДЕЙДІ
Шымкент қаласында тілсіз жау жер үйден түк қалдырмай, 8 баланың анасын бақиға аттандырды. Жасы 40-қа таяған әйел ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Ауладағы бейнебақылау камерасындағы кадрларға жағдайдың қаншалықты қорқынышты болғанын көруге болады.
Әйелімді құтқара алмадым. Біз мақтамен айналысамыз, көрпе-төсек жасаймыз. Әйелімді құтқарамын деп отты баса беріппін. Бірақ болмады. 80 пайыз күйіп қалыпты. Өзімнің табаным күйіп қалған, жүру мұң болды, – дейді Айдос Боранбаев.
ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ
Ерлі-зайыптылар көрпе-төсек тігіп, 8 баланы жеткізіп келген.
“Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауiпсiздiк талабына сай келмейтін жұмысты орындау немесе қызмет көрсету” дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесімен процессуалдық шешім қабылданады, – делінген Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.