TOP-1Жаңалықтар
Әл-Фарабидегі жол апаты: Александр Пак 10 жылға сотталды
Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты байланысты Zeekr жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Еркін Майшинов 32 жастағы Александр Пакке үкімді жариялады:
Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Пак өмір бойына жүргізуші куәлігінен (көлік басқару құқығынан) айырылды.
Қаза тапқан қыздың әкесіне тиесілі талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 10 миллион теңге көлемінде өтемақы белгіленді.