Спорт

Талғат Байсуфинов бас бапкер қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ФЕДЕРАЦИЯ МӘЛІМЕТІ

Баспасөз қызметі мәліметінше, маман отставкаға кету туралы өтініш білдіріп, федерация оны қабылдады.

“Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлы Байсуфиновтің Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымынан кету туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. ҚФФ бас бапкердің қызметінен кетуін өкінішпен қабылдап, оның шешіміне құрметпен қарады”, – делінген мәлімдемеде.

ҚҰРАМАНЫ КІМ ЖАТТЫҚТЫРАДЫ

Алдағы Ұлттар лигасы кезеңі мен Еуро-2028 іріктеу кезеңіне команданы кім дайындайтыны белгісіз әзірге.

“Бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады. Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты режимде жалғасады”, – делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасын былтыр қазан айында басқарған болатын. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде үш матч өткізіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Back to top button