TOP-2Эксклюзив

Шетелден неше смартфонды бажсыз алып келуге болады

Бір адам Қазақстанға шетелден екі смартфон, екі планшет және бір ноутбукты бажсыз алып кіре алады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің сайтындағы ресми түсіндірме айтылған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кеден талаптары бойынша, жеке тұлға өзімен бірге:

• 2 смартфонға дейін;
• 2 планшетке дейін;
• 1 ноутбук немесе нетбук;
• 5 зергерлік бұйымға дейін;
• 1 велосипед;
• 1 бала арбасын алып өте алады.

Алайда кеденшілер тауардың санымен қатар, оны қаншалықты жиі тасымалдайтынын да ескереді. Егер азамат тауарларды шекара арқылы айына бір реттен жиі өткізсе, мұндай әрекет кәсіпкерлік қызмет белгісі ретінде бағалануы мүмкін.

Көлік құралдарына қатысты талап одан да қатаң. Жеке пайдалану үшін жылына бір көлік әкелуге болады. Бір жылдан ішінде одан көп көлік кіргізілсе, ол кәсіпкерлік мақсаттағы импорт ретінде қарастырылады.

Шетелден әкелінетін тауарларды бажсыз өткізу нормалары ұшақтан басқа жолдармен әкелінген тауарлардың жалпы құны 500 еуродан, ал салмағы 25 келіден аспайтын тауарларға қолданылады. Ал халықаралық пошта немесе тасымалдаушы компаниялар арқылы жеткізілген тауарлар үшін шек – 200 еуро және 31 келі.

Тауардың құны немесе салмағы белгіленген нормадан асып кетсе, артық бөлігіне кедендік төлем мен салық салынады.

Back to top button