Жаңалықтар
KazTAG бас редакторы Әмір Қасенов тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізілді
KazTAG ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов тергеу изоляторынан ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Elmedia.
«KazTAG ақпарат агенттігінің жетекшісі Әмір Қасенов шұғыл түрде тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты бізге “Турлов ісі” бойынша өтіп жатқан Әсет Матаевтың мүддесін қорғайтын адвокат Рена Керімова растады», – делінген хабарламада.
Керімованың айтуынша, көрген жағдайдан кейін істің келешегі көңіл көншітпейді. Оның сөзінше, қазір Қасеновті жедел жәрдем қызметі алып кеткен, ал оның денсаулық жағдайы мен тергеу изоляторындағы ұстау шарттары мүмкіндігінше бақылауда ұсталып отыр.
KazTAG редакциясының мәліметінше, Әмір Қасенов Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасына жеткізілген.