TOP-2ЖаңалықтарОқиға
Рудныйдағы зауытта жұмысшы қаза тапты
Қаза тапқан жұмысшы болат балқыту пешіне шикіқұрам әзірлеуші маман болып жұмыс істеген.
19 маусымда «ERG Service» ЖШС-нің жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытының электрлі болат құю цехында пеште жұмыс жүргізу кезінде жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы мемлекеттік органдарға дереу хабар берілген. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
«ERG Service» ЖШС ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның туған-туыстарына қажетті қолдау мен көмек көрсетілетінін жеткізді.