ЖаңалықтарОқиға

Қарағандыда үйден өрт шықты: 20 мысық құтқарылды

Қарағанды қаласында, Қазыбек би атындағы ауданда орналасқан тұрғын үйде өрт шықты. От шаруашылық құрылыстар мен гараждарға дейін таралған.

Қарағандыда Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жеке тұрғын үйде болған өрт кезінде 20 мысық пен 1 итті құтқарып қалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өрт Қазыбек би ауданы Черкасская көшесінде болған. Жану екі пәтерлі тұрғын үйден басталып, кейін жабық қалқа, гараж және шаруашылық құрылыстарға тараған. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.

«ТЖМ қызметкерлері үйден 20 мысық пен 1 итті құтқарды, сондай-ақ өртті сөндіру барысында жарылыс қаупін болдырмау үшін жану аймағынан 3 газ баллоны шығарылды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар екі гараждан екі автокөлік шығарылып, олар өрттен аман қалды.

Өрт толықтай сөндірілді. ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Back to top button