Жаңалықтар

Ресейден әкелінген қиярды Қазақстан өткізбеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпаратынша, көршілес елден әкелінген 6 тонна жаңа піскен қияр фитосанитариялық талаптарға сай болмады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БАҚЫЛАУДАН ӨТПЕДІ

Министрліктің Мемлекеттік инспекция комитеті шекара арқылы өтетін өнімдер қауіпсіздігін тексеру кезінде осындай заңбұзушылық тіркеген. Анықталғандай, көкөністер заңда көрсетілген ережелер бойынша арнайы фитосанитариялық бақылаудан дұрыс өткен жоқ.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМЕТІ

Мұндай шаралар ел аумағына зиянкестер мен өсімдік ауруларының еніп кетпеуі үшін жалғасып жатқан көрінеді.

«Министрлік фитосанитариялық талаптарды сақтау елдегі карантиндік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуының алдын алудың міндетті талабы екенін еске салады», – делінген ведомствода.

Тексеріс отандық ауыл шаруашылығын қорғау мақсатында әлі де жалғаса бермек.

Back to top button