Астана күні: шілдеде неше күн демаламыз?
6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі.
2026 жылдың шілде айында қазақстандықтар Астана күніне байланысты қосымша демалыс алады. Мереке күні дүйсенбіге сәйкес келгендіктен, ел тұрғындарының бір бөлігі қатарынан үш күн демала алады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Заңға сәйкес бұл күн елдің барлық тұрғындары үшін ресми демалыс күні болып саналады.
2026 жылы Астана күні дүйсенбіге түсіп отыр. Осыған байланысты қазақстандықтар ай басында демалыс күндерін ұзарта алады.
Бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс кестесі мынадай болады:
• 4 шілде (сенбі) – демалыс күні;
• 5 шілде (жексенбі) – демалыс күні;
• 6 шілде (дүйсенбі) – мерекелік демалыс күні.
Осылайша, қазақстандықтар 4–6 шілде аралығында қатарынан үш күн демалады.
Алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін кесте сәл өзгеше:
• 4 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
• 5 шілде (жексенбі) – демалыс күні;
• 6 шілде (дүйсенбі) – мерекелік демалыс күні.
2026 жылдың шілде айындағы жұмыс және демалыс күндері
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде шілде айында 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні болады.
Алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар үшін ай 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күнінен тұрады.