Семейде екі бала жоғалып кетті: полиция іздеу жүргізіп жатыр
Балалар 8 және 14 жаста.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 14 жастағы Рахымжан Үкіртаев пен 8 жастағы Әлихан Қайратов 17 маусым күні кешкі сағат 20:00-ден кейін із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Балалар 17 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында Семей қаласындағы «Шығыс» кентінің маңында болған. Осыдан кейін олардың қай бағытқа кеткені белгісіз.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кәмелетке толмағандардың болуы мүмкін жерлері тексерілуде.
Осы орайда Абай облысының Полиция департаменті тұрғындардан іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрады.
«Егер балалардың қайда жүргені туралы білсеңіз немесе оларды табуға көмектесетін қандай да бір ақпарат болса, 102 телефонына немесе 8 (747) 310-67-30 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.