TOP-2Жаңалықтар
Білім грантына құжат қабылдау 13 шілдеде басталады
Талапкерлер құжатын 20 шілдеге дейін өткізіп үлгеруі тиіс.
Биыл мемлекеттік білім грантына құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ұлттық тестілеу орталығы байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімін жариялады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
- B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.
Грант иелерінің тізімі тамыз айының ортасында жарияланады.