Жаңалықтар

Алматы облысында 65 адам сушиден уланған соң дәмхана жабылды

Алматы облысында 65 адам жергілікті кафеде суши жеген соң өздерін жайсыз сезінген. Санитар дәрігерлер мекемені тексеріп, кейінірек кафе жабылды, деп хабарлайды Tizgin.kz КТК-ға сілтеме жасап.

НАУҚАСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ

Боралдай ауылында Sushi Time фаст-фуд мейрамханасы ашылып, кейінірек тұтынушылар өздерін жайсыз сезінетініп, шағым білдірген. Жағдайы нашарлаған алпыс бес адам ауруханаға жатқызылды.

Алматы облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның сөзінше, емдеуге жүгінген барлық науқас Sushi Time кафесіне барып, суши, пицца және басқа тағамдар жеген.

“Науқастардың жағдайы орташа. Бізде аталған инфекцияның ауыр жағдайлары тіркелмеді”, – деді ол.

Тұтынушылардың көбі пицца комбосы мен роллыға тапсырыс берген. Сосын жүрек айнуы, іштің ауыруы және құсу симптомдарына шағымданды.

НЕДЕН БОЛҒАНЫН ТҮСІНЕ АЛМАДЫМ

Мәлім болғандай, қазір Алматы облысындағы үш ауруханада 36 науқас емделді. Жағдайлары тұрақты деп бағаланған. 29 адам амбулаториялық емге жіберілді. Мекеменің өзі уақытша жабылды.

“Мұның бәрі неден болғанын түсіне алмаймын. Тұтынушылар қоңырау шалып, біз жіберген барлық суши жаңа піскен деп айтып жатыр. Бірақ олар неліктен уланғанын да түсіне алмайды. Біз дәрі-дәрмектер және ақшалай көмектесіп жатырмыз. Түбіртектер бар. Барлығына көмектесуге тырысып, барлығына қоңырау шалып жатырмын”, – деді кафе иесі.

Жаппай уланудан соң санитарлық дәрігерлер кафені тексеріп шыққан. Олар зертханалық тексеру үшін шикізат пен өнімдер сынамаларын алды.

Back to top button