Спорт

Дастан Сәтпаев “Челси” сапындағы алғашқы жаттығуын қашан бастайды

Лондондық клубтың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“ЧЕЛСИ” ҚАТАРЫН ҚАШАН ТОЛЫҚТЫРАДЫ

Sportarena.kz басылымы Jeunesfooteux-ке сілтеме жасап, Қазақстан құрамасы ойыншысының 12 тамыз күні, яғни 18 жасқа толған күні ресми “Челси” сапын толықтырып, Алонсоның жетекшілігімен жаттығуын бастайтынын жазды.

АЛОНСО АЛДЫМЕН СӘТПАЕВТЫҢ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАЙДЫ

Қазір клуб басшылығының жоспарына сәйкес Сәтпаев бірнеше апта бойы лондондық команда құрамында әзірлік жүргізіп, ойын деңгейін көрсетуге мүмкіндік алады. Осы аралықта Хаби Алонсо футболшының әлеуетін бағалап, онымен әрі қарай қалай жұмыс істейтіні туралы бір шешімге келеді.

Егер қазақстандық шабуылшыға еуропалық футболға бейімделу үшін тағы тәжірибе қажет деп танылса, ол жалға беру негізінде Францияның Лига 1 чемпионатындағы “Страсбург” клубына ауысуы мүмкін.

Back to top button