Жаңалықтар

БҚО-да жол апатынан 2 әйел көз жұмды

Алдын ала мәліметке сәйкес, 1973 жылы туған жүргізуші Toyota Prado автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚАРСЫ БЕТКЕ ШЫҒЫП КЕТКЕН

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мәліметінше, 15 маусым күні шамамен кешкі сағат 18.50-де Теректі-Ақсай автожолының 52-шақырымында үш автокөліктің қатысуымен жол апаты тіркелді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 1973 жылы туған жүргізуші Toyota Prado автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Оқиға салдарынан 1973 жылғы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Tiguan автокөлігімен түйісуге жол берген. Содан кейін 1963 жылғы жүргізуші басқарған Toyota Land Cruiser 200 автокөлігімен соқтығысқан.

ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Ресми ақпаратқа сәйкес, жол апаты салдарынан Toyota Prado автокөлігіндегі 1971 және 1974 жылғы екі әйел алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Ауруханаға жеткізілген басқа да зардап шеккендер бар. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, – деп хабарлады ведомстводан.

Back to top button