ЖаңалықтарОқиға

Қостанай облысында атасы мен немересі суға батып кетті

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қостанай облысында Тобыл өзенінде қайғылы жағдай болды. Алтын Дала ауылы маңында шомылуға тыйым салынған жерде екі адам суға батып кетті. Олардың бірі 6 жастағы  бала, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қостанай облысындағы Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала деректеріне сәйкес, отбасылық демалыс кезінде бала өзен жағасында ойнап жүріп, қатты ағыс аймағына түсіп кеткен. Мұны байқаған атасы оны құтқаруға ұмтылған. Алайда су ағысы екеуін де алып кеткен.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар, полицейлер, медицина қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдері жетті. Іздеу-құтқару жұмыстарына шамамен 40 адам, 13 техника, екі жүзу құралы және дрон жұмылдырылған.

Мамандар 32 мың шаршы метрден астам су айдынын тексеріп шықты. Үш сүңгуір тобы жұмыс істеуде. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Back to top button