ЖаңалықтарТергеу

Жамбылда жүкті әйел ем аламын деп мүгедек болып қалған

Жамбыл облысында сот аудандық аурухананы ерте токсикозды емдегеннен кейін жағдайы күрт нашарлаған пациентке өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.  

СОТ МӘЛІМЕТІ

Сот ақпаратынша, өңір тұрғыны жүктіліктің 10-аптасында аудандық ауруханада “ерте токсикоз” диагнозымен емделген. Дегенмен сот анықтауынша, оған медициналық көмек толық көлемде көрсетілмеген.

Ауруханадан мерзімінен бұрын шығарылған соң әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ол жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілген. Онда медициналық көрсеткіштер бойынша дәрігерлер жүктілікті тоқтату туралы шешім қабылдаған. Кейінірек оған ІІІ топтағы мүгедектік белгіленген.

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БІРІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Медициналық мекемені тексерген соң медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті медицина ұйымы тарапынан келесі заңбұзушылықтарды анықтады:

  • клиникалық хаттамалардың сақталмауы;
  • тексерулер мен емдеудің жеткіліксіз көлемі;
  • бейінді мамандар консультациясының болмауы;
  • медициналық құжаттаманың тиісінше жүргізілмеуі.

Нәтижесінде аурухана әкімшілік жауапкершілікке, ал дәрігерлердің бірі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

ШЕШІМ

Ұсынылған дәлелдемелерді бағалай отырып, сот жол берілген бұзушылықтар мен талап қоюшының денсаулығының нашарлауы арасында тікелей байланыс бар деген қорытындыға келді. Сот келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюды орынды деп тапты.

Сот шешімімен жауапкерден азаматша Б.-ның пайдасына 246 мың теңге көлемінде материалдық залал, моральдық зиянның өтемақысы – 5 млн теңге, өкілдің қызметтерін төлеуге жұмсалған шығыстар – 300 мың теңге өндірілді, – делінген ведомствода.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Back to top button