Тергеу

«Кешірім бердік»: Әл-Фарабидегі жол апаты бойынша марқұмның әкесі сотта не айтты

Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін жалмаған жол көлік апатында ажал құшқан Mercedes жүргізушісінің әкесі Қанат Тілемесов жәбірленуші ретінде жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БҮГІН ПОЛИЦИЯДАН ЖАУАП АЛЫНУЫ ТИІС

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты кезекті сот отырысы жалғасуда. Бүгінгі отырыс басында осы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған марқұм Еламан Тілемесовтің әкесі Қанат Тілемесов жауап берді. Ол Пакқа қатысты ешқандай талап-арызы жоқ екенін айтып, кешіргенін жеткізді.

«Біз кешірім бердік. Заңда қалай көзделсе, солай болсын», – деді Тілемесов.

Осы жолы сотта Александр Пакпен бірге апат алдында мейрамханада болған полиция қызметкері Әсет Жақсылықовтан жауап алу жоспарланған. Бірақ сотталушы Пак сот залына келмей, процеске онлайн қосылды.

ПАК СОТҚА ОНЛАЙН ҚАТЫСТЫ

Сондай-ақ бүгін осы іс бойынша куәлік беруі тиіс болған полиция қызметкері Әсет Жақсылықовтан жауап алынуы керек еді. Алайда онлайн қосылған Жақсылықов адвокатының қазір процеске қатыса алмайтынын айтып, жауап алуды кейінге қалдыруды сұрады.

Қызығы сол, осыған дейін Александр Пак сот залына уақытша ұстау изоляторынан жеткізіліп келген болса, бұл жолы ол сотқа келмей, онлайн түрде қатысты.

Back to top button