Жаңалықтар

16-18 маусымға арналған ауа райы: бірқатар өңірде аптап ыстық болады

Қазақстанның батысы мен солтүстігінде нөсер жауын болуы мүмкін.

Қазақстанда 16–18 маусым аралығында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлады Tizgin.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі және желдің күшеюі мүмкін. Нөсер жауын 13 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 18 маусымда Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында күтіледі.

Күндіз елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде термометр бағаны +35…+38 градусқа дейін жетеді. Республиканың қалған аумақтарында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Back to top button