ЖаңалықтарТергеу

Павлодарда студенттерден ақша бопсалағандарға іс қозғалды

Жедел уәкілдер Павлодар облысында оқушылар мен студенттерден ақша бопсалағандарды қолға түсірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Өңірлік полиция департаменті мәліметінше, екі оқушы құрдастарынан бағалы заттарын ломбардқа өткізуді талап етіп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Қысым көрсету үшін абыройға нұқсан келтіретін бейнематериалдар да пайдаланылған көрінеді.

Анықталғандай, Екібастұзда кәмелетке толмаған колледж студенті танысымен бірлесіп, 50 мың теңге бопсалады деген күдікпен қолға түсті.

КҮДІКТІЛЕР АҚША БЕРІП ЖАТҚАНДА ҰСТАЛҒАН

Күдіктілер жәбірленушіні көлікпен әкетіп, күш қолданған.

“Екі дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Құқық қорғау органдары басқаларын анықтау жұмысын жалғастыруда. Одан бөлек, қосымша эпизодтардың болған-болмағаны тексеріліп жатыр. Күдіктілер ақша беру кезінде ұсталған”, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Тәртіп сақшылары қылмыстық топтар құру, жастар арасында қылмыстық ықпал орнатып, ақша бопсалау әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде тоқтатылатынын алға тартты.

Back to top button