TOP-1Қоғам

Amanat партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті

Астана қаласында Amanat партиясының кезекті XXVI Съезі өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚАРҚЫНДЫ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛУЫ ТИІС

Партия Төрағасы Ерлан Қошанов Amanat және «Әділет» партиялары бірігіп, жаңарған партия құрылғанын мәлімдеді. Жаңарған партия атауы 14 маусымда өтетін «Әділет» партиясының съезінде айтылады Төрағаның сөзінше, алға жылжу үшін батыл қадамдар қажет.

Ұлы мемлекеттерді артқа қарап өмір сүретінер емес, көкжиекке қарай білетіндер құрайды. Уақыт бір орында тұрмайды. Әр заманның өз талабы, өз тәуекелі болады. Осындай шешуші сәттерде бір тудың астында бірігуіміз керек. Елімізге бірігетін нүктелер керек, яғни осындай жауапты сәтте «Әділет» партиясымен бірігуіміз керек. Бұл – ұжымдық шешім. Осы уақытқа дейін Отанға адам қызмет көрсетудің үлгісін көрсетіп келдік. Ары қарай да осы ұстанымнан айырылмаймын. Барлық маңызды жобаларымызды аяғына дейін жеткіземіз. Бірге әділетті, қарқынды Қазақстанды құрамыз. Біз принциптерімізден, идеяларымыздан бас тартпаймыз, керісінше мықтырақ бола түсеміз. Бүгін тарихи сәттің куәсі болып отырмыз», – деді Amanat партиясы төрағасы Ерлан Қошанов.

ҚОШАНОВ ТАҒЫ НЕ ДЕДІ

Оның айтуынша, Amanat – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік болса, «Әділет» – мықты мемлекеттің негізі болып саналатын әділеттіліктің белгісі.

«Осы екі құндылықты біріктіре отырып қоғамның бірлігін арттырамыз. Бәрімізде бір мақсат – мықты Қазақстан, гүлденген ел және әр азаматтың әл-ауқатты болуы. Өзім Президентіміздің жанында бірнеше жыл бойы қызмет етіп жүрмін. Оның арман-тілегін жақсы түсінемін. Оған керегі – еліміздің тәуелсіздігі, халқымыздың береке-бірлігі, тұтастығы. Бұл – ата-бабамыздан қалған асқақ аманат. Президенттің реформаларын қолдайтын, мемлекеттің болашағына бей-жай қарамайтын, Отан үшін прогрессивті күштерді бөліп алмауымыз керек. Керісінше ел болашағы үшін бірігу керек. Біздің құндылықтарымыз, ұстанымдарымыз – бір. Бізге қара басымыздың қамы емес, қара шаңырақ – Қазақстанның болашағы маңызды», – деді ол.

МӘН-ЖАЙЫ

Іс-шараға партия Төрағасы Ерлан Қошанов, Саяси кеңес мүшелері, депутаттар, өңірлік филиалдардың делегаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, сондай-ақ сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Back to top button