Тергеу

Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша тергеу толықтай аяқталды

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу толықтай аяқталып, қазір тараптардың іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ІС ТОМДАРЫНЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІ АЛЫНДЫ

Мұндай ақпаратпен жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров бөлісті. Қорғаушының сөзінше, бүгінге дейін жәбірленуші тарап пен олардың өкілдері қылмыстық істің 1-ден 7-ге дейінгі томдарын мұқият зерделеп, көшірмелерін алды.

ҚОРҒАУШЫНЫҢ АЙТҚАНЫ

Қазір қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасып жатқан көрінеді.

“Істің барлық қатысушысы заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болған соң іс сотқа жолданады. Танысу барысы туралы қосымша ақпарат беріліп отырады”, – деді қорғаушы Аянхан Омаров.

Back to top button