ЖаңалықтарОқиға

Талдықорғанда 1 жасар сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Талдықорғанда сәби терезеден құлап, ауыр жарақат алды. Тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатқан адамдар сәбиді көріп, дереу жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram парақшасында жазды.

Оқиға қаланың 4-шағынауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, куәгерлер бес қабатты тұрғын үйдің жанынан шамамен бір жастағы сәбиді тауып алған. Бала жоғарғы қабаттардың біріндегі терезеден құлап түскен болуы мүмкін деген болжам бар.

Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта дәрігерлер оған қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«Бала қазіргі уақытта медициналық мекемеде жатыр. Бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады», – деп жазылған полиция хабарламасында.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, соның ішінде баланың қай пәтерден құлағаны және оқиға кезінде ересектердің қайда болғаны тексерілуде.

Back to top button