ЖаңалықтарҚоғам

Ақтау мен Екатеринбург арасында жаңа әуе бағыты ашылды

Тікелей әуе рейсі туристерге де, іссапармен немесе отбасылық мақсатта сапарлайтын жолаушыларға да қолайлы болады.

Red Wings әуе компаниясы 11 маусымнан бастап Ақтау мен Екатеринбург арасында тікелей тұрақты рейстерді іске қосады. Ақтау халықаралық әуежайы ұшу кестесінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Бейсенбі күндері ұшақ Ақтаудан сағат 12:40-та ұшып шығып, Екатеринбургтен сағат 11:40-та келеді. Сенбі күндері Ақтаудан ұшу уақыты сағат 09:40-қа, ал Екатеринбургтен келу уақыты сағат 08:40-қа жоспарланған.

Жаңа бағыт Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтіп, Маңғыстау облысының тұрғындарына Орал өңірінің ірі қалаларының бірі Екатеринбургке ешқандай аялдамасыз жетуге мүмкіндік береді.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, тікелей әуе рейсі туристерге де, іссапармен немесе отбасылық мақсатта сапарлайтын жолаушыларға да қолайлы болады.

Билеттер қазірдің өзінде Red Wings әуе компаниясының ресми сайтында және оның ресми өкілдерінде сатылымға шығарылған.

Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар Ақтау халықаралық әуежайының анықтама қызметіне +7 (7292) 60-97-55 телефоны арқылы хабарласа алады.

Back to top button