ЖаңалықтарОқиға

Ақтөбе облысындағы жол апаты: үш адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе-Астрахан» тасжолында болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен бір адам қайтыс болды. Бұған дейін зардап шеккен 8 адам Байғанин аудандық ауруханасына жатқызылған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұған дейін оқиға орнында екі адам көз жұмған еді.

«Ауыр халдегі пациентті аман алып қалу мүмкін болмады. Қалған зардап шеккендер қажетті ем-дом алып жатыр. Ақтөбеден мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация бригадасы келді», – деді Байғанин аудандық орталық ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әуезов.

Еске сала кетсек, бұл жол-көлік оқиғасы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болған.

DAF маркалы жүк көлігі Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жеңіл көліктің бірі сол жерде өртенген.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Ал түрлі дене жарақатын алған сегіз адам Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

Back to top button