ЕрекшеЖаңалықтар

Бүгін футболдан әлем чемпионаты басталады

Ойын Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтеді.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының шымылдығын Мексика мен ОАР құрамалары арасындағы матч ашады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бүгін, 11 маусымда, Мексика – Оңтүстік Африка матчы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын ашады. Ойын Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтеді және Қазақстан  уақыты бойынша 11:40-та басталады.  Ойынды тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасы, сондай-ақ арнаның ресми сайты көрсетеді.

Алдағы мундиаль алғаш рет бірден үш елде өтеді. Мексикадан бөлек матчтарды Канада мен АҚШ қабылдайды. Әлем чемпионатының финалдық кезеңінде тарихта алғаш рет 48 құрама бақ сынайды, олар 12 топқа бөлінген. Турнир 19 шілдеге дейін жалғасады.

Back to top button