ЖаңалықтарЭкономика

Қазақстан Әзірбайжаннан мұнайды мол өндірген – Каспийдегі жағдай қалай өзгерді

Соңғы 15 жылда Каспий өңіріндегі екі ірі мұнай өндіруші ел саналған Қазақстан мен Әзербайжан екі түрлі бағытпен жүрген болатын. EnergyAnalytics ақпаратынша, 2010-2025 жылдары екі мемлекеттің жалпы мұнай өндірісі айтарлықтай өзгере қоймады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ӘЗІРБАЙЖАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Айталық, 2010 жылы шамамен 131 млн тонна, өткен жылы шамамен 128 млн тонна болды. Бірақ осы тұрақты көрінетін сан ішінде үлкен өзгеріс бар. Әзербайжанның үлесі азайып, Каспийдегі мұнай салмағы барған сайын Қазақстан жағына ауысты.

EnergyAnalytics мәліметінше, Әзербайжан 2010 жылы шамамен 51 млн тонна мұнай өндірген. Былтыр бұл көрсеткіш 28 млн тоннаға дейін түсті. Яғни ел жылына 23 млн тоннаға жуық өндірістен айырылды. Бұл 2010 жылғы деңгейден шамамен 45% аз.

Басты себептерінің бірі – кен орындарының ескіруі. Әзербайжан өндірісінің негізгі бөлігін ұзақ уақыт ACG блогы қамтамасыз етті. Алайда уақыт өткен сайын әлеуеті төмендей бастады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨСІМ БІРҚАЛЫПТЫ БОЛМАДЫ

Ал Қазақстанда жағдай керісінше өзгерді. 2010 жылы мемлекет шамамен 80 млн тонна мұнай өндірсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 млн тоннаға жетті. Өсім бірқалыпты болған жоқ. 2020–2021 жылдары пандемия мен ОПЕК+ шектеулері әсер етті. Бірақ ұзақ мерзімде Қазақстан позициясын күшейтті.

Бұған Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты ірі жобалар ықпал етті. Әсіресе 2016 жылдан кейін серпін байқалды: өндіріс 78 млн тоннадан 2017 жылы 86 млн тоннаға өсті.

2010 жылы Қазақстан Әзербайжаннан шамамен 1,6 есе көп мұнай өндірді. Былтыр айырмашылық 3,6 есеге дейін өсті.

 

Back to top button