TOP-2Жаңалықтар

Назарбаев “Аманат” партиясының мүшесі емес, саясатпен айналыспайды – Үкібай

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір кездері өзі негізін қалаған «Аманат» партиясына мүше емес, партия төңірегінде болып жатқан қазіргі өзгерістердің оған қатысы жоқ. Бұл жөнінде Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Азаттық сұрағына жауабында айтқан.

«Нұрсұлтан Әбішұлының [партияға] қандай қатысы бар? Ол кісі [Қазақстан президенті ретінде] өкілетін 2019 жылы тоқтатқан», – деді Үкібай. Оның айтуынша, зейнеттегі Назарбаев қазір саясатпен айналыспайды.

Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президент өкілетін тоқатқан. Бірақ Қауіпсіздік кеңесінің және «Нұр Отан» (қазіргі “Аманат”) партиясының басшысы қызметтерін 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына дейін сақтап келген.

Back to top button