ЖаңалықтарҚоғам

“Бірнеше әйелі бар дейтіндер де кездеседі”: Димаш түрлі қауесетке нүкте қойды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген досы әрі әріптесі Расул Усмановпен бірге Instagram желісінде тікелей эфир өткізіп, көпшіліктен жиі түсетін сауалдарға жауап берген болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ОҚЫРМАН СҰРАҒЫ

Эфир кезінде оқырмандардың бірі әншіден “қызына қандай есім қойғанын” сұрады. Мұндай сауалды күтпеген Димаш әзілдеп жауап берді.

“Қызыңа қандай ат қойдың? Айтыңызшы… Менің қызымды білсеңіздер, оның қайдан пайда болғаны өзіме де қызық”, – деді әнші.

Димаштың сөзінше, оның жеке өмірі туралы түрлі қауесет көп тарайды. Кейбірі әншінің отбасы мен балалары бар деп ойласа, өзгесі оның бірнеше әйелі бар деп есептейтін көрінеді.

“Неліктен екенін білмеймін, жұрт менің отбасым мен балаларым бар деп ойлайды. Тіпті бірнеше әйелім бар дейтіндер де кездеседі”, – деді өнер иесі.

ӘНШІ ШЫНЫМЕН БОЙДАҚ ПА

Айтуынша, қазір үйленбеген. Ал уақытының басым бөлігін шығармашылыққа арнайды

“Күні бойы студияда жұмыс істеп, концерттерде өнер көрсетемін. Әзірге үйленген жоқпын”, – деді Димаш.

Сондай-ақ ол отбасын құрып жатса, жеке өмірін көпшілікке жариялай қоймайтынын жеткізді.

Back to top button